Қарағанды ​​облысында жарылыс болып, екі адам қаза тапты

Қаңтар 30, 2024 - 09:34
Қарағанды ​​облысында жарылыс болып, екі адам қаза тапты
instagram/ablaisultangali

Қарағанды ​​облысы Бұқар жырау ауданы Ботақара ауылында газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты. Бұл туралы аудан әкімі Абылай Сұлтанғали Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Төтенше жағдай 30 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 00:07-де Әуезов көшесіндегі екі қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйде болған.

"Құрметті тұрғындар, өздеріңіз білетіндей, екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны атылды. Өкінішке қарай, екі адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың отбасыларына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды әкім.

Үйде барлығы 46 адам тұрса, жарылыс кезінде үйде 35 адам болған. Сағат 00:11-ден бастап 03-37-ден құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылды. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілді.

Жарылыстан кейін екінші қабат жартылай опырылған. Ауданы анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Төтенше жағдайды жоюға 45 адам мен 13 техника жұмылдырылған.

Фото: instagram/ablaisultangali

Жергілікті жерде жедел штаб ашылған. Зардап шеккен тұрғындарға көмек ұсынылып, уақытша орналастырылды. Қазіргі уақытта үйінді астынан алты адам шығарылып, Ботақара ауылының Орталық ауруханасына жатқызылған.

"Біз қазір оқиғаны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай облыс әкімінің бақылауында. Қарағанды облысының ТЖ департаментінде 8(7212) 51-72-23 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді", - делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow