Қарағанды облысында қарасан жұқтырған қария көз жұмды 

Қазан 27, 2023 - 10:55
Қарағанды облысында қарасан жұқтырған қария көз жұмды 

Қарағанды облысы Топар ауылында қарасан (сібір жарасы) жұқтырған бір тұрғын жұқпалы аурулар орталығында көз жұмды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, 75 жастағы қария жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Пациенттің өліміне қарасан (сібір жарасы) ауруының ауыр сатысы және қатар жүретін ауыр дерттері себеп болды. Сонымен қатар, науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді», – деп хабарлады Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Қарасан жұқтырған қалған екі пациенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің  бақылауында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow