«Үміт күтіп отырған студентіміз еді»: Алматыда суицид жасаған жігіт режиссер болғысы келген
Студенттің суицид жасауына не түрткі болғаны әзірге белгісіз.
Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған студент беделді университетте режиссер мамандығында оқыған. Университет әкімшілігі оны «болашағынан үміт күттірген жас еді» деп еске алады, деп хабарлайды КТК.
Марқұм суицид жасар алдында достармен кездескен, бірақ жолдастары оның мінез-құлқынан ешқандай өзгеріс байқамаған.
«Студент бізге жүгінген жоқ. Бірге оқитын топтастарының айтуынша, оның бойынан күдік тудыратын ештеңе байқалмаған. Кеше кешке олар бірге көңілді уақыт өткізді. Бұл хабарды есітгенде бәріміз шошыдық», - дейді Almaty Management University проректоры Дидар Марданов.
Сіздің реакцияңыз қандай?