«Қысқа көйлек киіп, мас болып, клубта жүретін»: «Асар-Уме» қорының еріктісі Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады

Қараша 13, 2024 - 12:30
«Қысқа көйлек киіп, мас болып, клубта жүретін»: «Асар-Уме» қорының еріктісі Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады
Фото: ашық дереккөз

«Асар-Уме» қайырымдылық қорының еріктісі Елжас Шора осыған дейін Салтанат Нүкенова күйеуін өзін өлтіруге итермелегенін айтып, басы дауға қалған болатын. Енді ол осы сөзі үшін марқұмның отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Осыдан 3-4 күн бұрын марқұм Салтанат туралы ойымды білдіріп, пікір қалдырған едім. Шамалы уақыттан кейін оның қате екенін түсініп, бірден өшіріп тастадым. Бірақ оқырман скриншот жасап, жан-жаққа таратып үлгеріпті. Халық мені Бишімбаевты қолдайды деп отыр. Бірақ олай емес, ниетім басқа болды. Мен «Асар-Уме» қорының қызметкері емеспін, еріктісімін. Бұл қателігімнің, жазғанымгың қорға ешбір қатысы жоқ. Наразылықтар менің тарапыма болса деймін. Салтанаттың отбасы және «Асар-Уме» қорынан кешірім сұраймын», - дейді Елжас Шора.

Осыған дейін қордың еріктісінің жазбасын Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелді сынаған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow