«Ұрлықты тоқтаттым»: АМӨЗ-дің экс-басшысы жұмысшылардың астыртын әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады

Бұл жай ғана іріткі салу, дейді ол.

Наурыз 8, 2024 - 14:08
Наурыз 8, 2024 - 14:08
«Ұрлықты тоқтаттым»: АМӨЗ-дің экс-басшысы жұмысшылардың астыртын әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы (АМӨЗ) жария жанжал зауыттың 462 қызметкерінің зауыттың бұрынғы бас директоры Ғалымжан Жусанбаевты қызметтен шеттетуді талап еткен петицияға қол қоюынан басталған болатын, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы. Зауыт жұмысшылары директор өзін әдепті ұстамайды, есірткі шегеді, біліктілігі жоқ және қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп мәлімдеген.

Осы тектес айыптауларға елордада өткен баспасөз мәслихатында Ғ.Жусанбаевтың адвокаты Талғат Мұқатанов зауытта барлығы 2700 қызметкер бар екенін, яғни, петицияға жұмысшылардың жекелеген бөлігі ғана қол қойғанын айтты. Ол жұмысшылардың бұл әрекетке қысыммен барғанына сенімді.  Ғалымжан Жусанбаевтың айтуынша, екі ай ішінде АМӨЗ жұмысы үш рет тоқтаған.  

«Бұл жай ғана іріткі салу (зауыт қызметкерлері тарапынан. - Автор.). Алғаш рет жұмыс тоқтап қалған кезде олар зауыт жұмысын бір жарым сағат ішінде қалпына келтірді. Екінші рет тоқтағанда Тәжікстанға 15 мың тонна мазут жіберу керек болған. Ол кезде мазут құбыры қатып қалды. 10 күн жылыта алмады. Дәл осы аралықта мен іс-сапарға ұшып кеткен едім, жағдайға байланысты қайта оралуға тура келді. Тұтас зауыт құбырды іске қоса алмаған. Қайтып келсем, эстакадада бір адам және бір әже сорғымен жүр. Болды, басқа ешкім болған жоқ», - деді Ғалымжан Жусанбаев.  

Оның айтуынша, зауыттың ағымдағы және күрделі жөндеуіне 3,5 млрд доллар бөлінді. Журналистер қызметкерлер Жусанбаевты жұмыстан шығаруды не үшін талап еткеніне қатысты сауал қойды. Ол қызметке кіріскеннен кейін мұнай ысыраптары мен «өрттерді» зерттеу жөніндегі комиссия жұмысын бастағанын атап өтті. Нәтижесінде шығын көлемі 14,5%-дан 2-ге төмендеген.  

«Бұл дегеніңіз, айына 9000 тонна. Жай ғана ұрланып кетіп жатыр. Кейін шығын және «өртенген өнім» есебінен жабылады. Іс жүзінде біз ұрлықты тоқтаттық», – деді Жусанбаев.  

Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға оны АМӨЗ бас директоры лауазымына қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш берген. Алайда, компания өкілдері өңірге келген кезде Жусанбаев ауруханада болғандықтан, олармен кездесе алмаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow