Уағызшы Мәдина қаласына барып өлудің кереметін айтты

Қазан 3, 2024 - 14:23
Қазан 3, 2024 - 14:36
Уағызшы Мәдина қаласына барып өлудің кереметін айтты
фото: видеодан скриншот

ТикТок әлеуметтік желісінде шыққан келесі уағызында Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы әр мұсылманның өлуді арман ететін жері туралы айтты деп жазады Democrat.kz.

«Сахабалардың ең көп жерленген жері — Мекке емес, Мәдина. Ғалымдардың да көбі осы жақта жерленген. Ғалымдар мен ізгі кісілерге дүниеден өтетінін белгілі болады ғой. Сол кезде бірден Мәдинаға кетіп қалады екен. Шамдағы бір үлкен ғалым шәкірттеріне сабақ беріп отырып «мен Алла елшісіне кетіп барамын, сәлем беруге. Сабақ тоқтайды, ұзақ уақытқа бара жатырмын» дейді.

Шәкірттері «ұстаз, ол жақта виза аз уақытқа ғана бар» дейді. Пайғамбар шақырып тұрғанда, виза не решает қой. Әлг ғалым Мәдинаға келеді, Раудада намаз оқып отырғанында дүниеден өтіп кетеді. Не себепті ғалымдар Мәдинада дүниеден өтуге құмартты?» - деген уағызшы Нұрсұлтан бұл сұрағына өзі:

«Шамаң жетсе, Мәдинада дүние сал, өйткені мен Мәдинада дүние салғандарға арнайы бөлек шапағат етемін дейді Пайғамбар с.ғ.с» деп жауап берді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow