«Түнімен ұйықтамадық»: Солтүстік Қазақстан тұрғындары эвакуацияға дайындалып жатыр

Шамамен бір-екі күннен кейін су облыс орталығына жетеді.

Сәуір 10, 2024 - 10:09
Сәуір 10, 2024 - 10:11
«Түнімен ұйықтамадық»:  Солтүстік Қазақстан тұрғындары эвакуацияға дайындалып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына байланысты жағдай ушығып кетті. Есіл ауданындағы су деңгейінің көтерілуі тағы бірнеше ауылдың тұрғындарына қауіп төндіре бастады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Осыған байланысты су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқан елді мекендерде алдын ала эвакуациялау жұмыстары басталған. Бір жарым мың адам тұратын Покровкада тұрғындар шұғыл түрде үйін тастап, эвакуацияланып жатыр.

«Түнімен ұйықтамадық. Көршілерімізбен кезекшілікте болдық. Таңертеңгі сағат төртте су келді, дәретхананың жанын дейін. Бір сағаттан кейін су менің үйімнің қасында болды. Біз заттарды жинай бастадық, балаларды эвакуациямен жібердік, жиһазды көтердік. Барынша дайындалдық», - дейді Покровка аулының тұрғыны Инга Тодоровская.

Жағдайдың қашан тұрақталатынын ешкім білмейді. Ауыл тұрғындары бұрын-соңды мұндай апат болмағанын айтады. 
Сергеев су қоймасынан өткен тасқын су Петропавлға қарай келе жатыр. Осыған орай облыс әкімі әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тұрғындарға үндеу жариялады.

«Облыс орталығына үлкен су келе жатыр. Өңірде су тасқыны жағдайы күрделі болып қала береді. Біз су тасқынына қарсы барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Бірінші кезеңде елді мекендерден еріген суды бұру жұмыстары жүргізілді.

Ал қазір үлкен су Есіл өзенімен өтеді. Шамамен бір-екі күннен кейін су облыс орталығына жетеді. Прибрежное және Тепличное ауылдарын, Заречный кентін су басу қаупі бар.
Осы күндері біз бөгеттерді салу және нығайту бойынша тәулік бойы жұмыс істедік. Ауыз суды үздіксіз жеткізу үшін бірінші көтеру сорғы станциясының айналасындағы бөгетті нығайттық.
Біздің елді мекендерді қорғау бойынша бұрын-соңды болмаған шаралар қабылданды. Алайда, бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Петропавлға қарай үлкен су ағыны келе жатыр», - деді облыс әкімі.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow