Тоқаев Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді. Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым.
«Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте Сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жәннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.
Сіздің реакцияңыз қандай?