«Тойда ыңғайсыз сұрақ қоя ма деп қорқып отырамыз»: Белгілі актер асабалардың әдептен жұрдай екенін айтты

Тамыз 29, 2024 - 12:20
Тамыз 29, 2024 - 14:18
«Тойда ыңғайсыз сұрақ қоя ма деп қорқып отырамыз»: Белгілі актер асабалардың әдептен жұрдай екенін айтты
Фото: жеке парақшасынан

Белгілі актер әрі асаба Мәлік Абдраманов жас асабаларды сынап тастады. Бұл туралы ол Qazaq Airan YouTube жобасында айтты, деп хабарлайды, sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Мен той басқарғанда үйленіп жатқан балаға сіз деп сөйлеймін. Әкесі мен анасы не үшін баласына той жасайды? Олар балам азамат болды, шежіремді жалғастырады, үй ішіне үй тікті деп жасайды. Ал кей асабалар оны сүндеттелген бала құсатып қалжыңдайды. Жас той басқаратындарға кездесіп қалғанде ескерту жасаймын. Сендер мүлдем той иесіне тиіспеңдер, олар үлкен әулет. «Немеренің атын кім қояды?», «Жүгіріңдер», «Қолың ұзарып, тілің қысқарды ма?», дейді. Той иесінде несі бар? Той иесі 200, 300, 500 адамды жинап дәм беріп, бата сұрап отырғандар», деді актер.

Желі қолданушылары Мәлік Абдрамановтың бұл сынын жарыса қолдай кетті. Олар асабалар ыңғайсыз сұрақ қойып масқарамызда шығара ма деп қорқатын күнге жеттік дейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow