Тоқаев Конго президентімен француз тілінде сөйлесті (видео)

Тамыз 2, 2024 - 15:37
Тамыз 2, 2024 - 15:47
Тоқаев Конго президентімен француз тілінде сөйлесті (видео)

Бүгін Қазақстанға ресми сапармен Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо келді. Конго басшысы Денис Сассу Нгуессомен кездескен мемлекет басшысы өз сөзін француз тілінде бастады. Кездесу барысындағы видео президенттің телерадиокешенінде жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Президент мырза, ең алдымен Қазақстанға қош келдіңіз. Сіздің елімізге алғашқы сапарыңыз екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға қуатты серпін береді. Сіздердің елімізге келгендеріңізге өте қуаныштымыз. Біз бейресми және ашық жағдайда екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық жағдайдың кейбір өзекті мәселелерін талқыладық. Президент мырза, мен екі ел арасындағы қарым-қатынастан үлкен әлеуетті көріп отырмын. Ал біздің үкімет оны жүзеге асыруға күш салады”, – деді Тоқаев.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін жетік меңгерген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow