Тоқаев Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады
Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген.
![Тоқаев Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады](https://sadaqmedia.kz/uploads/images/202404/image_870x_660e710212db5.jpg)
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары қарғын су басқан аумақтарды тікұшақпен аралап көруден басталды, – деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы қалыптасқан жағдаймен танысты.
«Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Сонымен қатар құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 7 мыңға жуық тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр» – делінген хабарламада.
Сіздің реакцияңыз қандай?
![like](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/like.png)
![dislike](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/dislike.png)
![love](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/love.png)
![funny](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/funny.png)
![angry](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/angry.png)
![sad](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/sad.png)
![wow](https://sadaqmedia.kz/assets/img/reactions/wow.png)