«Тісіне дейін сөз қылатындар бар»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына тіл тигізетіндерді орнына қойды

Қазан 10, 2024 - 12:18
«Тісіне дейін сөз қылатындар бар»: Ләйлә Сұлтанқызы анасына тіл тигізетіндерді орнына қойды
Фото: sultankyzy инстаграм парақшасынан

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасының сырт келбетін сынға алғандарға желіде жауап берді. Өнер иесі анасының киімі мен жүріс-тұрысына қатысты кері пікірлер жазылатынын айтты, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.  

Ләйлә Instagram парақшасында анасына жағымсыз пікірлер қалдырғандарға жазбаша жауап беріп, өзінің анасына деген қамқорлығын білдірді.

"Менің анамның киіміне, орамалына, жүріс-тұрысына, тісіне дейін сын айтатындар бар. Сол сыншыларға жауап: мен жанында бола тұра, оған бар жақсылықты жасамасам не істеймін? Жырақта жүргенде өзінен гөрі басқаларды ойлайтыны бар. Қолымнан келіп тұрғанда, анамды барынша жақсы нәрселермен қамту менің міндетім," - деп жазды Сұлтанқызы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow