Талғар маңында төрт жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлап кеткен
Алматы облысының полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлық төрт күдікті адамды анықтап ұстағанын мәлім етті, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.
«Олар уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», - делінген хабарламада.
Еске салса, осыған дейін Талғарда тергеу изоляторынан жиен қарындасын зорлаған күдікті қашып кеткен еді. Ол әлі табылған жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?