Түркия Қырғызстанның 62,3 млн доллар сыртқы қарызын кешірді

Қараша 5, 2024 - 19:53
Қараша 5, 2024 - 20:00
Түркия Қырғызстанның 62,3 млн доллар сыртқы қарызын кешірді

Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында хабарлады, деп жазады Kazinform.  

"Президент Ердоғанға Қырғызстанның Түркия алдындағы сыртқы қарызын өтеу туралы шешім қабылдағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін", — деді Садыр Жапаров.

Түркия Қырғызстанның 62,3 миллион доллар көлеміндегі қарызын "жасыл" экономика жобаларын жүзеге асыру мақсатында кешіргені айтылды.

Сонымен қатар, сапар қорытындылары бойынша Қырғызстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған 19 екіжақты құжатқа қол қойылды.

Айта кетейік, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 4 қарашада мемлекеттік сапармен Бішкекке келді. Оны "Манас" халықаралық әуежайында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды. 6 қарашада Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow