Сот мәжіліс депутаты Тұрлыхановтың ұлына айыппұл салды

Алматы соты заңгерлер - Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновты ұрып-соқты деген айыппен мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша шешім шығарды. Сот Нұрасыл Болатты кінәлі деп тауып, 500 АЕК (3,6 мың доллардан астам) көлемінде айыппұл салды. Сот шешімі бойынша, Тұрлыхановтың ұлы зардап шеккендерге екі мың доллардан аса материалдық және моральдық өтемақы төлеуге тиіс. Жәбірленуші адвокат Анна Чернова үкімге келіспейтінін, шағым түсіретінін айтты. Чернова Facebook желісінде үкімді "әділетсіз" деп жазды. "Екі адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірді, әскери жарғы мен антты бұзып, әскерде қызмет ету орнында мас болып, серуендеп жүрді, кінәсін мойындамады, өкінбеді, бірақ айыппұл алды, меніңше, ол одан да аз алар еді" дейді Анна Чернова. Чернова сот заңды өрескел бұзды деп санайды. "Енді сіз Қазақстанда екі және одан да көп адамға бұзақылық ниетпен денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіру қымбатқа түспейтінін білесіз. Ауқатты адамдар мүлдем алаңдамаса да болады" деген адвокат "не де болса жеңдік, істі аяғына жеткізіп, депутаттың ұлы бұзақы ниетпен ұрғанын дәлелдедік" деп жазған. Нұрасыл Болаттың сот шешімі жөніндегі пікірі белгісіз. Өзімен байланысу мүмкін болмады. Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат биыл ақпанда Алматыда заңгерлер - Анна Чернова мен күйеуі Олег Черновты ұрды деген күдікке ілінген. Черновтар Нұрасыл Болат көшеде қызды ұрып жатқанын көріп, араша түспек болған. Ал депутаттың ұлы Черновтарға жұдырық сілтеген. Нұрасыл Болаттың үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған. Дәулет Тұрлыханов ақпандағы оқиғадан соң журналистерге "ұлым кәмелетке толған, оның әрекетін ақтамаймын, барлық әрекетіне өзі жауапты. Ата-ана ретінде маған өте ауыр тиді. Үкімді құқық қорғау органдары шығарады" деген. Белгілі спортшы Дәулет Тұрлыханов 2023 жылғы наурыздағы сайлауда мәжіліс депутаты болып сайланған. Қазір мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.  20 жастағы Нұрасыл Болат әскери борышын өтеп жүрген. 3 шілдеде Қорғаныс министрлігі Болат басшылықтың бұйрығын орындамағаны үшін гауптвахтадағы қамау жазасын өтеп болған соң әскери бөлімнен қашып кеткені хабарланған. Кейін оны "бастықтың бұйрығын орындамады" деген айыппен 15 тәулікке қамады. Депутат Дәулет Тұрлыханов бұл оқиғаны "жас бозбала қызбен кездесу үшін кетіп қалған болар" деп түсіндірді. Депутат Тұрлыхановтың тағы бір баласына қатысты да жанжал болған. Қыркүйекте желіде Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы Әкежан Тұрлыхановтың көшеде қызды итеріп жіберіп, асфальтқа құлатқан видеосы жарияланды. Депутат мұны өз отбасына қарсы "кезекті ақпараттық шабуыл" деп атады.  

Қазан 10, 2023 - 20:03
Қазан 20, 2023 - 09:52
Сот мәжіліс депутаты Тұрлыхановтың ұлына айыппұл салды

Алматы соты заңгерлер - Анна Чернова мен оның күйеуі Олег Черновты ұрып-соқты деген айыппен мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша шешім шығарды. Сот Нұрасыл Болатты кінәлі деп тауып, 500 АЕК (3,6 мың доллардан астам) көлемінде айыппұл салды. Сот шешімі бойынша, Тұрлыхановтың ұлы зардап шеккендерге екі мың доллардан аса материалдық және моральдық өтемақы төлеуге тиіс. Жәбірленуші адвокат Анна Чернова үкімге келіспейтінін, шағым түсіретінін айтты. Чернова Facebook желісінде үкімді "әділетсіз" деп жазды

 "Екі адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірді, әскери жарғы мен антты бұзып, әскерде қызмет ету орнында мас болып, серуендеп жүрді, кінәсін мойындамады, өкінбеді, бірақ айыппұл алды, меніңше, ол одан да аз алар еді" дейді Анна Чернова. Чернова сот заңды өрескел бұзды деп санайды. "Енді сіз Қазақстанда екі және одан да көп адамға бұзақылық ниетпен денсаулыққа ауырлығы орташа зиян келтіру қымбатқа түспейтінін білесіз. Ауқатты адамдар мүлдем алаңдамаса да болады" деген адвокат "не де болса жеңдік, істі аяғына жеткізіп, депутаттың ұлы бұзақы ниетпен ұрғанын дәлелдедік" деп жазған. Нұрасыл Болаттың сот шешімі жөніндегі пікірі белгісіз. Өзімен байланысу мүмкін болмады.

Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат биыл ақпанда Алматыда заңгерлер - Анна Чернова мен күйеуі Олег Черновты ұрды деген күдікке ілінген. Черновтар Нұрасыл Болат көшеде қызды ұрып жатқанын көріп, араша түспек болған. Ал депутаттың ұлы Черновтарға жұдырық сілтеген. Нұрасыл Болаттың үстінен "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалған. Дәулет Тұрлыханов ақпандағы оқиғадан соң журналистерге "ұлым кәмелетке толған, оның әрекетін ақтамаймын, барлық әрекетіне өзі жауапты. Ата-ана ретінде маған өте ауыр тиді. Үкімді құқық қорғау органдары шығарады" деген. Белгілі спортшы Дәулет Тұрлыханов 2023 жылғы наурыздағы сайлауда мәжіліс депутаты болып сайланған.

Қазір мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.  20 жастағы Нұрасыл Болат әскери борышын өтеп жүрген. 3 шілдеде Қорғаныс министрлігі Болат басшылықтың бұйрығын орындамағаны үшін гауптвахтадағы қамау жазасын өтеп болған соң әскери бөлімнен қашып кеткені хабарланған. Кейін оны "бастықтың бұйрығын орындамады" деген айыппен 15 тәулікке қамады.

Депутат Дәулет Тұрлыханов бұл оқиғаны "жас бозбала қызбен кездесу үшін кетіп қалған болар" деп түсіндірді. Депутат Тұрлыхановтың тағы бір баласына қатысты да жанжал болған. Қыркүйекте желіде Дәулет Тұрлыхановтың ортаншы ұлы Әкежан Тұрлыхановтың көшеде қызды итеріп жіберіп, асфальтқа құлатқан видеосы жарияланды. Депутат мұны өз отбасына қарсы "кезекті ақпараттық шабуыл" деп атады.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow