Сиви Махмудидің күйеуіне іздеу жарияланды

Қазан 23, 2024 - 14:13
Сиви Махмудидің күйеуіне іздеу жарияланды
фото: әлеуметтік желіден

Белгілі әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz сайты.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.

«Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді», – делінген хабарламада. 

Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрған. 2021 жылы ажырасып кеткен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow