Шымкентте бүкіл бір отбасы газдан уланып қаза тапты

Қазан 27, 2023 - 17:36
Қазан 28, 2023 - 10:26

Шымкенттің Ынтымақ-2 шағын ауданында бүкіл бір отбасы газдан уланып қаза тапты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Қайғылы оқиға туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. 

Алдын ала болжам бойынша жер үйде 2007, 2008 және 2012 жылы туған үш баласымен бірге әке-шешесі газдан уланып қаза тапқан.

“Қаза тапқандардың туыстарымен кездесіп, жақындарынан айырылған жандарға көңіл айттым. Өз тарапымыздан қолдау көрсетеміз”,- деп жазды Шымкент әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Аягөзде бір үйдің төрт ұлы өрттен қаза тапқан еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow