Саша Барон тағы Борат кейпінде сұхбат беріп, Қазақстанды мазақ қылды

Борат – бұрыннан даулы тұлға. 2006 жылы фильм шыққаннан бастап шетелдіктердің Қазақстан туралы ойын өзгертті. Қазақстандықтар бұған өз наразылықтарын бірнеше рет білдірді.

Қазан 28, 2024 - 15:53
Саша Барон тағы Борат кейпінде сұхбат беріп, Қазақстанды мазақ қылды

Саша Барон Коэн шетелдік журналист Джимми Фэллонның шоуына Борат кейпінде келіп, қазақстандықтарды тағы ашуландырды.

Коэн Борат образына кіріп, Қазақстанда KFC тауық етінен емес, мысықтан жасалады деп әзілдеді. Ол анайы әзілдеп, қазақтар ит пен мысық етін қуырып үйренгенін айтты.

Сонымен қатар ол АҚШ вице-президенті Камала Харриске “еврейге тұрмысқа шыққан қара нәсілді әйел” болғандықтан, Қазақстанға келмеуі керек деді. Сөзінше, бұл елде қиындықтар тудыруы және оны осы үшін ұрып кетуі мүмкін.

Қазақстандықтар мұндай әзілдерді орынсыз және өз елін қорлау деп санады.

Борат – бұрыннан даулы тұлға. 2006 жылы фильм шыққаннан бастап шетелдіктердің Қазақстан туралы ойын өзгертті. Қазақстандықтар бұған өз наразылықтарын бірнеше рет білдірді.

Stan.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow