Сәкен Бибосынов түрік боксшысын қиындықсыз жеңді

Келесі айналымда ол Өзбекстан боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездесуі мүмкін.

Шілде 30, 2024 - 23:27
Шілде 30, 2024 - 23:27
Сәкен Бибосынов түрік боксшысын қиындықсыз жеңді
Фото: olympic.kz

Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Алғашқы айналымдағы оның қарсыласы Түркия боксшысы Сәкен Гюмюш болды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Алғашқы раундта боксшылар көп барлап, аз соққы жасады. Десе де, қорғаныс пен қарымта шабуылда сауатты ойнаған Сәкенге төрешілер 4:1 есебімен жеңісті берді.

Ал, екінші раундта Бибосынов қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады, екінші номерде жұдырықтасқан ол Гюмюшті жиі қателік жасауға мәжбүрлеп, 5:0 есебімен басым түсті.

Үшінші шешуші раунд та Сәкеннің толықтай доминациясымен өтті. Ол қорғаныста жүріп, түрік боксшысының әр қателігін оңтайлы пайдаланып отырды. 

Төрешілер бірауыздан жеңісті Қазақстан боксшысына берді. Оның ширек финалдағы қарсыласы енді анықталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow