Рим Папасы су тасқынына байланысты Қазақстан халқы үшін дұға жасауға шақырды
Рим Папасы Франциск жалпы аудиенция кезінде еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқы үшін дұға етуді сұрады.
Бұл туралы Vatican News сайты хабарлады.
"Елдің көптеген аумағын қамтыған және мыңдаған адамды үйін тастап кетуге мәжбүр еткен ауқымды су тасқынына байланысты осы кезеңде Қазақстан халқына рухани жақындығымды жеткізгім келеді.
Барлығын осы табиғи апат салдарынан зардап шеккендер үшін дұға жасауға шақырамын", - деді Рим Папасы Франциск.
Сіздің реакцияңыз қандай?