Париж Олимпиадасында қазақстандық шенеунік көз жұмды
Кенеттен жүрегі тоқтап қалған.
Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде қайтыс болды. Ведомство баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.
«Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидұлының кенеттен өмірден озуына байланысты отбасы мен туған, туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері оның қазасының нақты себебін атамады, алайда БАҚ-та шенеуніктің жүрек талмасынан көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.
Марқұм аталған қызметке 2022 жылдың мамырында тағайындалған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?