Қайрат Боранбаевқа қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалды

Алматыда Қонаев тұрған ғимараттағы Назарбаевтар әулетіне қатысы бар деген пәтер сатылымға шықты

Мамыр 22, 2024 - 12:56
Мамыр 22, 2024 - 12:58
Қайрат Боранбаевқа қатысты тағы екі қылмыстық іс қозғалды
Фото: instagram.com/kairat4

Олигарх Қайрат Боранбаевтың үстінен тағы екі іс қозғалды, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша Боранбаевтың үстінен қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

Алматыда Қонаев тұрған ғимараттағы Назарбаевтар әулетіне қатысы бар деген пәтер сатылымға шықты

"Боранбаев негізгі қылмыстық іс бойынша 14,5 миллиард теңге шығынды өтеді. Сонымен қатар 120 миллиард теңгеге жуық соманы өз еркімен өтеп берді. Жалпы 134 миллиард теңгені қайтарды. Бірақ қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, тергеліп жатыр, тағы біраз өтемақыны қайтаратын шығар. Ол бюджет қаражатын жымқырды, сонымен қатар салықтан жалтарды деген күдікке ілінді", – деді қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәжіліс алаңында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow