Орталық Азияны Түркістан дегізу үшін көп қателікті түзетуге тиіспіз – Амангелді Құрмет
Түркия Орталық Азияны «Түркістан» деп атауға түбегейлі тоқтады. Былтыр постколониалды құлдықтан арылу үшін Үндістан да өздерін Бхарат деп өзгертті. Енді академиялық оқулықтарды, саяси хаттамаларда жиі қолданылса тарихи негізі бар атау сіңіп кетеді.
Бұл әрекетке себепші болған – Түркияның Ұлттық білім министрлігі. Тарих оқулықтарына өзгерістер енгізген, сәйкесінше «Орталық Азия» терминінің орнына «Түркістан» атауы қолданылады.
Қазақ қоғамы бұл атауды қабылдауға дайын ба, әлде жадынан өшіп қалды ма?!
Әскери сарапшы Амангелді Құрмет SАDAQ MEDIA каналындағы «Durbi» сұхбат алаңында осыған қатысты пікірімен бөлісті.
«Түркия идеологиясын біршама тәуелсіз жүргізетін мемлекет ретінде бұл бағытты таңдағаны – түрік интеграциясындағы олардың ұстанымының бір көрінісі. Біз үшін «иә, Түркістан деп атайық» деу әзірге қиындау. Біріншіден, оған белгілі бір шешімдер керек, екіншіден, осы күнге дейін жасалған көп қателікті түзетуге тиіспіз. Мектеп оқулықтарына қайтадан ревизия жасауымыз қажет. Сонымен қатар, біздің қоғамда Түркістан атауы қала деңгейінде қабылданады. Тек 2018 жылдан бері қарай түркілік атаулардың қайтарылуы бір ішінара көрініс берді. Енді күллі Орталық Азияны Түркістан дегізу үшін, Қазақстан қоғамы қабылдауы ықтимал, бірақ, аймақтағы басқа мемлекеттер қалай қабылдайды, сол жағын да ескеру керек. Сол себепті Түркияның бастамасы медиа үшін, саясаткерлер үшін жақсы азық, бірақ Орталық Азия мемлекеттеріндегі оқулықтарға ене қояды дегенге өз басым сенбеймін», деді ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?