NYT: Израиль шекараны қорғай алмауына не себеп болғанын анықтады

Израиль сарапшылары елдің армиясы мен қауіпсіздік қызметіне ХАМАС радикал тобының Израиль аумағына басып кіруіне тосқауыл қоюға кедергі келтірген төрт себепті атады. Мұны Израиль үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп New York Times газеті хабарлады. Газеттің жазуынша, бұл алдын ала тұжырым болғанымен, Израильдің мұндай шабуылға дайын болмай, қапы қалуына Израиль арнайы қызметінің ХАМАС радикалдарының байланыс желісін бақылаудағы қабілетсіздігі басты себептердің бірі болған. Олар шабуыл алдында ғана армия басшыларына ХАМАС байланыс желілерінде әдеттен тыс белсенділік байқалғанын ескертуге тырысқан, бірақ онысы елеусіз қалған. Екінші себеп — Израиль Газа секторымен шекарадағы жағдайды бақылауда электроникаға шамадан тыс иек артқан. Кейінгі жылдары Газамен шекарада сарбаз саны азайып, орнына көптеген бақылау камерасы, сенсор құрылғылар мен қашықтан басқарылатын пулеметтер қойылған. Шабуыл алдында лаңкестер дронның көмегімен байланыс мұнараларын нысанаға алып, Израиль армиясын ол құралды қолдану мүмкіндігінен айырған, бұл оларға шекараның 30 тұсынан елеусіз өтіп кетуіне мүмкіндік берген. Үшіншісі – Газа шекарасындағы дивизия жетекшілігін ХАМАС содырлары шабуылға кірісе сала басып алған бір базада орналастыру – әскери басшылық жіберген оперативтік қателік болды. Төртіншісі — байланыс желіcін тыңдау кезінде ХАМАС басшыларының Израильге шабуыл жасау ниеті жоқ деген сөзін шындық деп қабылдап, иланып қалу. ХАМАС мүшелері олардың әңгімесі тыңдалатынын біліп, Израиль арнайы қызметін жаңылыстырған болуы әбден мүмкін.

Қазан 12, 2023 - 03:03
Қазан 13, 2023 - 01:58
NYT: Израиль шекараны қорғай алмауына не себеп болғанын анықтады

Израиль сарапшылары елдің армиясы мен қауіпсіздік қызметіне ХАМАС радикал тобының Израиль аумағына басып кіруіне тосқауыл қоюға кедергі келтірген төрт себепті атады. Мұны Израиль үкіметіндегі дереккөздерге сүйеніп New York Times газеті хабарлады. Газеттің жазуынша, бұл алдын ала тұжырым болғанымен, Израильдің мұндай шабуылға дайын болмай, қапы қалуына Израиль арнайы қызметінің ХАМАС радикалдарының байланыс желісін бақылаудағы қабілетсіздігі басты себептердің бірі болған. Олар шабуыл алдында ғана армия басшыларына ХАМАС байланыс желілерінде әдеттен тыс белсенділік байқалғанын ескертуге тырысқан, бірақ онысы елеусіз қалған.

Екінші себеп — Израиль Газа секторымен шекарадағы жағдайды бақылауда электроникаға шамадан тыс иек артқан.

Кейінгі жылдары Газамен шекарада сарбаз саны азайып, орнына көптеген бақылау камерасы, сенсор құрылғылар мен қашықтан басқарылатын пулеметтер қойылған. Шабуыл алдында лаңкестер дронның көмегімен байланыс мұнараларын нысанаға алып, Израиль армиясын ол құралды қолдану мүмкіндігінен айырған, бұл оларға шекараның 30 тұсынан елеусіз өтіп кетуіне мүмкіндік берген.

Үшіншісі – Газа шекарасындағы дивизия жетекшілігін ХАМАС содырлары шабуылға кірісе сала басып алған бір базада орналастыру – әскери басшылық жіберген оперативтік қателік болды. Төртіншісі — байланыс желіcін тыңдау кезінде ХАМАС басшыларының Израильге шабуыл жасау ниеті жоқ деген сөзін шындық деп қабылдап, иланып қалу. ХАМАС мүшелері олардың әңгімесі тыңдалатынын біліп, Израиль арнайы қызметін жаңылыстырған болуы әбден мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow