Мереке күндері ауа райы қандай болады

Елдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Наурыз 21, 2024 - 14:18
Наурыз 21, 2024 - 16:19
Мереке күндері ауа райы қандай болады
фото: kursiv.

Синоптиктер 21-23 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың мәліметінше, елдің оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады Алдағы мереке күндері еліміздің батысы мен солтүстігіне антициклон әсер етеді. Бұл өңірлерде негізінен жауын-шашын болмайды және түнгі ауа температурасы -10...-18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Бірақ күндіз күн жылынып және термометр бағаны нөлден жоғарылайды. Циклонның ықпалынан республиканың орталық, оңтүстік және шығыс аймақтарында жаңбыр жауады.

Кей уақыттарда қатты жаңбыр, таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, және желдің күшеюі күтіледі.

Синоптиктер мереке күндері елімізде тұман мен көктайғақ болады деп болжады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow