«Мен танымал адаммын»: Баян Мақсатқызы екі қызының суррогат аналарымен кездеспегенін айтты
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы екі қызының дүниеге келуіне көмектескен суррогат ананың барын растап, мән-жайды айтып берді, деп жазады Sadaqmedia.kz.
Продюсер әуелден екі нәрестесінің аналарымен кездеспейтінін шешкен.
– Бізге суррогат ана арқылы балалы болуға ұсыныс айтқаннан кейін көп ойландық. Сол кезде-ақ ісіміз нәтижелі болса, ешқашан әйелмен кездеспеймін” дедім. Танымал адаммын, болашақта ол маған немесе балаларыма "тосынсый" дайындамайтынына кім кепіл. Сондықтан ертеңімді ойлап, осындай шешім шығардым. Салтанат Берденқызы ұсынған “Кенгуру” деген аналар орталығымен арнайы байланыстық. Дәрігердің айтқанын істедік. Ол жерде бізді Нина есімді қызметкер қарсы алды. Тоғыз ай бойы ана мен баланың жағдайын айтып отырды. Сол кісіге де алғысым шексіз”, – деді продюсер.
Сондай-ақ актриса суррогат ананы ұзақ іздегенін де жасырмады. Айтуынша, көп әйелдің ішінен екеуін таңдап алған.
“Орталықта арнайы пакеттер бар. Бірінші суррогат ана сізбен тұруына болады немесе жүктіліктің алғашқы айларында өз үйінде болады. Одан кейін арнайы пансионатқа орналыстырылып, кеткен шығынды мойныңызға аласыз деді. Біз соңғысын таңдадық. Тоғыз ай бойы екі ананың да жағдайын жасадық. Пансионаттың көрсететін қызметімен таныстым. Қатты ұнады. Ай сайын маған есеп беріп, анализдерінің қорытындысын жіберіп отырды. Жалпы, ереже бойынша 35 жасқа дейінгі әйелдер ғана суррогат ана бола алады. Жер сілкінісі кезінде де бірден оларға хабарластым. Олардың денсаулығы мен көңіл күйі біз үшін өте маңызды болды. Үш ай бойы іздедік. Қаншама үміткерлер болды. Нина арқылы екеуіне ғана тоқталдық. Олар екі қызды бір отбасы үшін дүниеге әкелгендерінен хабардар болды. Босану процесі де өте жақсы өтті. Күн сайын дұға жасап, аман-есен босануын тіледім. Бәрі жақсы аяқталды”, – деді Баян Мақсатқызы.
Сіздің реакцияңыз қандай?