Мектепте орамал тағуға қатысты Жоғарғы соттың шешімі шықты

Мұндай шектеулер балалардың білім алу құқығын бұзады.

Қыркүйек 26, 2024 - 09:25
Қыркүйек 26, 2024 - 09:26
Мектепте орамал тағуға қатысты Жоғарғы соттың шешімі шықты
фото: Ulysmedia

Жоғарғы сот мектепте орамал тағу мәселесіне нүкте қойды. Бұл туралы құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұған дейін оқу-ағарту министрі мектепке тек формамен келу керектігін айтқан. Себебі оқушылардың бірыңғай формасына қатысты нақты бұйрық бар.

Соның салдарынан былтыр орамал тағатын жүздеген бала мектепке бармай қойды. Осыдан кейін бір топ құқық қорғаушы осы шектеудің заңсыз екенін дәлелдеуге кірісті.

«Жоғарғы сот мұндай шектеулер балалардың білім алу құқығын бұзады деген шешім шығарды», — деп жазды адвокат Жаслан Айтмағанбетов өзінің парақшасында.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі осы ақпаратты растады.

«Шешім қабылданды. Қаулы 10 жұмыс күні ішінде шығарылады», — деді баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow