«Қарақұсынан тепкен»: Қостанайда шабандоз баланы ат таптап өтті (ВИДЕО)

Басында каскасы болғаннан ғана бала аман қалған.

Маусым 10, 2024 - 11:08
Маусым 10, 2024 - 11:21
«Қарақұсынан тепкен»: Қостанайда шабандоз баланы ат таптап өтті (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Аттан құлаған баланың артында келе жатқан бәйге қарақұсынан тепкен, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Қостанайда өткен бәйгенің видеосы Тик-Ток желісінде қызу талқыланып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Жергілікті сайттардың хабарлауынша, атжарыс «Арғымақ» ипподромында (Заречное ауылы) өткен: Құнан бәйге (10 шақырым), Топ бәйге (15) және Аламан байге (20).

Бәйге чемпионатының бесінші кезеңі еліміздің ең үздік жылқыларын жинаған. Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 20 900 000 теңгені құраған.

Мәре сызығына жете бере Құнан бәйге кезінде жас шабандоз аттан ұшып түскен. Желіде тараған видеоларда оны қарақұсынан артта келе жатқан аттың тепкенін көруге болады. Басында каскасы болғаннан ғана бала аман қалған. Оны жарыс жолынан шығарып, жедел медициналық көмек көрсеткен.

Баланың ауыр жарақат алмағаны хабарланады. Шабандоздардың орташа жасы – 12 жас, орташа салмағы – 28-30 келі. Олар ер-тоқымсыз шапқан.

@nursatbirmagambet #казахстан???????? #костанай???????? #olimpbet #rek #бәйге ♬ оригинальный звук - Nursat

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow