Қарағандыда қала ортасында 6 көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Қыркүйек 2, 2024 - 16:43
Қыркүйек 2, 2024 - 16:47
Қарағандыда қала ортасында 6 көлік соқтығысып, бір адам мерт болды

Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды. Қала ортасында 6 көлік соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға 2 қыркүйекте сағат 14.15 шамасында Аманжолов көшесінде болған. Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында мерт болды. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді. 

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Соталды тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Қарағанды облысының Полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимінен аспауды ескертеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow