«Ешкілерден де озды»: Мөлдір Анарбаева 15 күннен кейін тағы қызды болған Баян Мақсатқызы туралы жазды

Тамыз 20, 2024 - 15:46
Тамыз 20, 2024 - 15:48
«Ешкілерден де озды»: Мөлдір Анарбаева 15 күннен кейін тағы қызды болған Баян Мақсатқызы туралы жазды
Фото: Жеке парақшадан алынды

50 жасында төртінші рет ана атанған Баян Мақсатқызын блогер Мөлдір Анарбаева ерекше құттықтап, халықты күлдірді. Бұл туралы sadaqmedia.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Блогер 15 күн бұрын ғана үшінші рет ана атанған продюсердің тағы да ана болғанына таңданысын жасыра алмады. 

“Не дейміз?! Баяшка, жарайсыз. Күнара туасыз. Шетелден келетін ешкілерден де озды. Олар жылына төрт рет туады деп естіп едік. Миым жетпей отыр. Оның үстіне орысшамды да білесің. Кеше ғана туып едің, бүгін тағы да туып отырсың. Шын тудың ба әлде атын ауыстырдың ба?! Ертең ұл ұстап отырмашы. Не болса да, аман болсын! Дені сау ұрпақ өссін! Обалы не керек, Баян өзіме ұнайды”, – деп жазды блогер келіншек. 

Айта кетейік, продюсер тағы да бір мәрте ана атанғанын сүйіншілеген едік. 

“Сені сегіз жыл күттік. Алиса қызымыздан кейін, араға 15 күн салып, Алагөзова Алма Тұрсенғалиқызы дүниеге келді”, – деп жазған еді продюсер. 

Фото: https://www.instagram.com/moldir_anarbaeva/

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow