Ерұлан Жамаубаевтың орнын Мәди Тәкиев басты
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
М. Тәкиев 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Д. Қонаев атындағы университетті, сондай-ақ Халықаралық бизнес университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Алматы қ., Алматы облысы бойынша Салық департаментінде жұмыс істеген.
2012–2013 жылдары — ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің басқарма басшысы.
2013–2014 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің салық және кеден саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.
2014 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2014 жылдан 2017 жыл аралығында Атырау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдан бастап — ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.
Сіздің реакцияңыз қандай?