Енді Louis Vuitton мен Gucci жіп пен матаны Түркістаннан алады
Түркістанда 147 млрд теңгеге мақта өңдеу зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Зауыт Louis Vuitton және Gucci-ге жіп пен мата жеткізуді жоспарлап отыр.
“Зауытта 2000-нан астам жұмыс орны ашылады. Жылына 13 мың тонна жіп, 50 миллион метр үй текстилі және 7 миллион комплект төсек жапқыштары өндірілетін болады”, – делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз хабарламасында.
Түркістан облысы еліміздегі мақта өсіретін жалғыз өңір және мақтаны терең өңдеуге баса назар аударады. Облыста 2027 жылға дейін тоғыз мақта кластерін құру жоспарланған.
Сіздің реакцияңыз қандай?