Джо Байден коронавирус жұқтырып алды

Шілде 18, 2024 - 16:29
Шілде 18, 2024 - 16:31
Джо Байден коронавирус жұқтырып алды

АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырып алды, - деп хабарлайды 24KZтелеарнасы.

Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады. Ақ үй басшысы дертке Лас-Вегастағы сайлауалды науқаны барысында шалдыққан. Енді 81 жастағы саясаткердің бір аптадай саяси-қоғамдық іс-шараларға қатысуы шектелуі мүмкін.

Себебі, АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу басқармасы COVID-ті жұқтырғандарға 24 сағат оқшаулануға, ал егер қызу көтерілсе, 5 күн бетперде тағуға кеңес береді. Ақ үй өкілдері президенттің ауруы жеңіл өтіп жатқанын айтады. Ал тұрғындар Байденнің кенеттен сырқаттанып қалғанына қатысты түрлі пікірде.

"Менің ойымша, бұл қолдан жасалып отырған дүние. Байденнің ауырып қалғанына сенбеймін. Демократтар мұны Байденнің теледебатқа қатыспауы үшін және басқа да жағдайларды ақтау мақсатында жасап отырған сияқты", - дейді жергілікті тұрғын. 

"Байденнің өзін өзі оқшаулауы өте дұрыс. Бұл вирусты басқаларға жұқтырып алмау үшін істеліп отыр, ешқандай да айла емес. Мен оны қолдаймын. Оның президенттік додаға түскенін қалаймын", - дейді жергілікті тұрғын. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow