Бір жыл бұрынғы апат: Риддер жылу электр орталығының бұрынғы басшылары ақша жымқырған
Риддер жылу электр орталығының бұрынғы басшылығы қазандықтарды күрделі жөндеуге бөлінген ақшаны жымқырған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz. Бұл туралы бүгін қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты істі ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тергеп жатыр. Олар алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, аса ірі көлемде мемлекетке 4,1 млрд теңге залал келтірген деген күдікке ілінді», - деп хабарланған ақпаратта.
Айта кетейік, былтыр қараша айында Риддер қаласының халқы жылусыз қалған еді. Өйткені, қаланы жылытатын қазандықтар әбден тозып кеткен. Тергеу барысында анықталғандай, жылу электр орталығының басшылары сол тозған қазандықтарды жөндеуге берілген ақшаны ұрлап отырған.
Дереккөз үстінен іс-қозғалған азаматтардың аты-жөнін атаған жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?