Бас прокуратура шахтерлердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады

Қазан 28, 2023 - 10:43
 Бас прокуратура шахтерлердің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады

Бас прокуратура Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

“Өткен түнде Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі). Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді”,-деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ІІМ Министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіріп жатқаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow