Бұрынғы министр Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Астана қалалық соты бір жылға жуық бұрын қамауға алынған бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, – деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Астана сотының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабы бойынша Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі 19 қыркүйекте бірден үш айға ұзартылған.
"Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Бекетаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берді", – делінген жауапта.
Бекетаевтың ісі
Бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың ісіне қатысты деректер құпия. Министр 2023 жылдың қазан айында қамауға алынған. Күні бүгінге дейін қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Бекетаевқа "үлескер компаниялардың мүддесін қолдап, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірді" деген айып тағылып отыр. Оған қоса, ол мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару тапсырмасын орындау барысында өкілеттілігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Сіздің реакцияңыз қандай?