Атырау облысында қорғаныс бөгетін су шайып кетті

Маусым 5, 2024 - 15:42
Маусым 5, 2024 - 15:42
Атырау облысында қорғаныс бөгетін су шайып кетті

Атырау облысының Ақжар ауылындағы қорғаныс бөгетін су шайып кетті. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, елді мекенге қауіп жоқ. Ағын су 100 метрге жуық аумақты қамтыған.

"Қазір бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа Атырау мен Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 20-ға жуық қызметкері жұмылдырылды.

Соңғы бір аптада Атырауда Жайық деңгейінің төмендегені байқалады. Дегенмен учаскеге жауапты адамдар қауіпсіздік шараларын күшейтіп, бөгеттерді кезекшілікпен күзетіп отыр, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow