Астанада жолақы қымбаттайтын болды
Қаулы жобасы 5 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Астанада қоғамдық көлікте жүру құны қымбаттайтын болды. Астана әкімдігінің қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды
Құжатқа сәйкес Астанадағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр. "Қалалық көлік қатынастарда жолаушылар мен жүкті автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі жолаушының бір сапары үшін 110 (жүз он) теңге мөлшерінде белгіленсін", - делінген құжатта.
Қаулы жобасында Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау маршруттарына сараланған тариф мынадай мөлшерлерде белгіленсін делінген:
"Электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 110 (жүз он) теңге;
электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдауға – 250 (екі жүз елу) теңге;
электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға – 110 (жүз он) теңге;
электрондық жол жүру құжаты немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қала маңындағы қатынаста – бір километр үшін 9 (тоғыз) теңге 50 (елу) тиын;
қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге;
қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушылар мен багажды жедел қалалық автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде – 350 (үш жүз елу) теңге;
қолма-қол ақшамен төлеу кезінде жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау кезінде – 220 (екі жүз жиырма) теңге", - делінген қаулы жобасында.
Қаулы жобасы 5 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?