Астанада қызыл түсті жаңбыр жауды

Көліктерде түрлі түсті дақтар пайда болды.

Шілде 3, 2024 - 15:51
Шілде 3, 2024 - 15:55
Астанада қызыл түсті жаңбыр жауды
Фото: Видеодан кадр

3 шілде күні Астананың үстінде алты әскери ұшақ түрлі түсті түтін шығарып, әуе көрінісін жасады, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Астана тұрғындары мен қонақтары әуе кеңістігін кесіп өткен ұшақтардың қызыл және сары түсті түтін шығарғанын көріп, әсерлі көрініске куә болды.

Бүгін Астанада жаңбырлы күн болды, соның салдарынан су тамшылары түрлі түске боялып, көліктерде түрлі түсті дақтар пайда болды.

Бұл Астана тұрғындарына арналған жалғыз әсем көрініс емес. Кешкі уақытта Ботаникалық бақта мерекелік отшашу жоспарланған. Отшашу шамамен 22:00-22:30 аралығында басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтіп жатыр. Саммитке шамамен 10 мың шетелдік делегат қатысады деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow