Апат салдарынан Балқаш тұрғындары сусыз қалды

Мөлтек аудандарға арнайы көліктермен су жеткізіле бастаған.

Наурыз 17, 2024 - 12:06
Наурыз 17, 2024 - 12:10
Апат салдарынан Балқаш тұрғындары сусыз қалды
Фото: Pixabay

Балқашта сумен жабдықтау жүйесінің магистральдық құбыры жарылды. Осыған байланысты аудандарда ауыз су беру тоқтатылды.

Бұл туралы «Вечерняя Караганда» басылымы жазды.

Шаһардың сумен жабдықтау жүйесінің магистральдық құбырында үлкен апат болып, салдарынан судың қысымы азайтылған.

Магистральдық құбырдың шытынап кетуіне байланысты суды тоқтатуға мәжбүр болған. Төтенше жағдай Желтоқсан мен Ағыбай батыр көшілерінің қиылысында болған. Қаланың мыңдаған тұрғындары сусыз қалып отыр.

Мөлтек аудандарға арнайы көліктермен су жеткізіле бастаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Вечерняя Караганда (@vk_gazeta)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow