Алматыда кәсіпкерді қорқытқан алаяқ Швецияда ұсталды
Бас прокуратура Швециядан Қазақстанға алаяқтыққа оқталу жасады деген күдіктіні экстрадициялады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz Бас прокуратураға сілтеме жасай отырып.
Оқиға 2019 жылы болған. Алматыдағы кәсіпкерлердің біріне «Ұлттық қауіпсіздік комитетіненбіз» деген бір топ адам келіп, бизнесін тексереді. Кәсіпкерді «түрмеге қамаймыз» деп қорқытқан олар оның 30 мың долларын тартып алмақ болған. Алайда, ойлары іске аспай, полицияның назарына түскен.
«Кәсіпкерді қорқытқандардың біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгерген, сондықтан ол халықаралық іздеуге жарияланды. Кейіннен Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады. ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді. Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.
Сіздің реакцияңыз қандай?