«Алматы Су» директоры мен қызылордалық шенеунік 75 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сәуір 19, 2024 - 10:09
«Алматы Су» директоры мен қызылордалық шенеунік 75 млн теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Фото: Антикор

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті ауыр қылмыс жасады деген күдікпен «Алматы Су» ШЖҚ МКК бас директорының орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Сол сияқты, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті әкімдіктің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

«Күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен „қамауда ұстау“ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Аталған істер бойынша тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп жазды Антикор.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow