Алматыда бала сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қыркүйек 3, 2024 - 14:50
Қыркүйек 3, 2024 - 15:20
Алматыда бала сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Photo : Unsplash/freestocks

Алматы облысында бала сатты деген күдікпен 38 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Қылмыстық топтың қызметін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тоқтатты.

"25 тамызда әлеуметтік желідегі "surak.baribar" парақшасында кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз деген қылмыстық топ туралы жедел ақпарат түсті", – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

28 тамызда жедел іздестіру іс-шаралары барысында күдікті Қызылорда облысының тумасы екені анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow