Ақтөбедегі су қоймасының жарылу қаупі бар: Қала әкімі тұрғындарға ескерту жасады
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қала тұрғындарына үндеу жасады.
Әкімнің айтуынша, Хромтаудың аумағында орналасқан Мағажан су қоймасының жарылып кету қаупіне байланысты Ақтөбе су қоймасына үлкен көлемде су құйылады деген болжам бар.
"Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз. Бұл судың жағасынан асып кетуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеміз. Кірпішті көпірі ауданындағы Елек өзені мен Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуациялауға және үйлерін тастап кетуге келісім берулерін сұраймын", – деді әкім.
Еске салсақ, бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан үйлерi зақымданған қазақстандықтарға көмек көрсету үшiн мемлекет бюджетінен қанша теңге бөлiнетiнiн айтқан еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?