АҚШ-тағы президент сайлауы: алғашқы нәтижелер белгілі бола бастады.

Алғашқы дауыс беру қорытындысы – 50-50, яғни үш адам Харриске, үшеуі Трампқа дауыс берген.

Қараша 5, 2024 - 15:05
АҚШ-тағы президент сайлауы: алғашқы нәтижелер белгілі бола бастады.

АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері белгілі бола бастады, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Америкада ең бірінші болып Нью-Гэмпширдегі Диксвилл Нотч ауылы дауыс береді екен. 1960 жылдан бастап қалыптасқан дағды бойынша, аталмыш ауыл тұрғындары түн ортасында дауыс беріп бастайды. Себебі, штат заңына сәйкес 100-ге дейін тұрғыны бар елді мекендер түн ортасында дауыс бере алады. Соған сәйкес, дауыс беру қорытындысы да дереу жарияланады.  
Дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың барлығы да (алты адам) дауыс берген.  

Алғашқы дауыс беру қорытындысы – 50-50, яғни үш адам Харриске, үшеуі Трампқа дауыс берген.  

2020 жылғы сайлауда 7 адам дауыс берген.  Хиллари Клинтонға 4 адам, Дональд Трампқа 2 адам және Гарри Джонсонға 1 адам дауыс берген.

Кім жеңеді?
Харрис әлде Трамп?
АҚШ-тағы саяси науқан да өз бигіне жетті. Шамаман алты-жеті сағаттан кейін АҚШ президентін сайлау басталады.
Сомен күллі әлем көз тігіп отырған бұл бәсте кім жеңуі мүмкін?
Харрис әлде Трамп?
Алдын-ала жүргізілген сауалнамалар демократтар атынан шығып жатқан Камала Харристың экс-президент Дональд Трамптан шамамен 4 пайыздық көрсеткішпен алда тұрғанын көрсетіпті.
PBS News/NPR/Marist компаниясы жүргізген сауалнама бойынша Харристің мүмкіндігі 51 пайыз болған. Трампқа 47 пайыз сенім білдірген.
Көптеген сарапшылар шынайы дауыс көрсеткіші осы шамада болуы мүмкін екенін айтып жатыр. Себебі, өткен сайлаудағы Байден мен Трамптың көрсеткіші осындай соңғы сауалнама қорытындысымен шамалас шыққан.
Ол жолы Байден респонденттердің 51% қолдауына ие болса, Трамп – 47% дауыс жиған еді.
Қызығы, шынайы сайлау қорытындысы да тура солай шықты:
Байден - 51,3 %
Трамп- 46,8 %
Яғни, Камала Харристың мүмкіндігі көп секілді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow