«Бұл Алланың кішігірім ескертуі» - Мәжіліс депутаты
Талайды тәубесіне келтірген күн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік?
Мәжіліс депутаты әрі белгілі спортшы Ардақ Назаров Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz
Депутаттың айтуынша, ол Алланың жазасы.
“Талайды тәубесіне келтірген күн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінгенде бүгін қандай хәлде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді, сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан, тәубеңе кел”, – деп жазған ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, 23 қаңтарда қараған түні Алматыда жер сілкінісі болып, қырықтан астам адам жарақат алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?