Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес - Тоқаев
Egemen Qazaqstan газетіне сұхбат берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жылдан қарағанда Наурыз мерекесіне басымдық беруіміз керек деген пікірін алға тартты, деп хабарлайды sadaqmedia.
“Жаңа жылда айтулы оқиғалар көп болады деп сенеміз. Сұхбатымыздың соңында тағы бір сұрақ қояйын. 2024 жылды қалай қарсы алдыңыз?”,-деген сұраққа жауап берген Тоқаев “нағыз табиғи жыл басы Наурыз” екенін айтты.
“Жаңа жыл – әрине, күнтізбенің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қорытындылап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы. Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы. Сондықтан төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек. Бұл қадам қоғамды ұйыстырып, ұлттық бірегейлігімізді айшықтап, ел бірлігін нығайта түсуге ықпал етеді деп сенемін”,-деді Тоқаев.
Сіздің реакцияңыз қандай?