270 елге қайтпай қалған: депутат Болашақ бағдарламасын тоқтатуды талап етті

Оқығысы келген адам өз есебінен оқысын. Біздің елді жайына қалдырсын.

Маусым 5, 2024 - 12:33
Маусым 5, 2024 - 12:38
270 елге қайтпай қалған: депутат Болашақ бағдарламасын тоқтатуды талап етті
Коллаж: sadaqmedia.kz

"Болашақ" бағдарламасымен оқыған 200-ден аса қазақстандық шетелде қалып қойған. Ал былтыр "Болашақ" бағдарламасының әкімшісі Әлия Оспанова "Болашақ" бағдарламасы бойынша 30 жылда 270 түлек елге қайта оралмағанын айтты, - деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Осыған байланысты қоғамда "Болашақ" оқу туризміне, эмиграция құралына айналды" деген де пікір бар. Депутат Ирина Смирнова аталмыш бағдарламаның өз міндетін дұрыс орындамайтынына шүйлікті.

"Мен «Болашақ» бағдарламасы өзіне жүктелген міндетті орындамайтынын бұған дейін де айтқанмын. Оның құндылығына күмән келтіруге талай себеп бар. Біздің халықтың ақшасына оқып алып, қашып кеткен қыздың кесірінен басқа бойжеткендердің зардап шеккені бұл сөзіме тағы бір дәлел. Енді кепіл болған сол қыздар әлгі қашып кеткеннің ақшасын төлеуі тиіс", - дейді депутат.

Мәжіліс депутаты "Болашақ" бағдарламасын қажетсіз деп санайтынын да жасырмады.

"Бағдарламаның еш қатысы жоқ. Түрлі кәсіпорындарда болдым, кәсіпте, өндірісте жұмыс істеп жүрген «Болашақтың» бір түлегін көрген емеспін. Олар басқа орындарда, гуманитарлық салаларда жұмыс істейді. Оқып алды, өз қалағанына қол жеткізді, бірақ мемлекет ешқандай пайда көрген жоқ. Мен бұл бағдарлама қажет емес деп санаймын. Шетелде онсыз да ақысыз гранттар көп. Оқығысы келген адам өз есебінен оқысын. Біздің елді жайына қалдырсын Бізге білімді өз елімізде дамыту керек, сырттан әкелудің қажеті жоқ, - деді ол.





Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow