Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді - Қазгидромет
Бүгін еліміздің басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Күн райы ашық, жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды sadaqmedia Қазгидрометке сілтеме жасай отырып.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және солтүстік-батыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады деген болжам бар.
Сонымен қатар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр, қар жауып, оңтүстік-шығыста кей уақытта түнде қатты жауын-шашын жауады.
Сіздің реакцияңыз қандай?