Қазақстанның шетелге кеткен қаражатын іздеу үшін жасанды интеллект пайдаланамыз – Бас прокурор

Қараша 13, 2023 - 16:15
Қазақстанның шетелге кеткен қаражатын іздеу үшін жасанды интеллект пайдаланамыз – Бас прокурор

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады, деп хабарлайды sadaqmedia.

«Берік Асылов заңсыз иемденілген активтерді қайтару үшін қабылданып жатқан шаралар және осы мақсатта жаңадан құрылған Комитеттің қызметі туралы баяндады. Бас прокурордың айтуынша, Комитет шетелге шығарылған активтерді іздеу, заңсыз схемаларды әшкерелеу үшін жасанды интеллектіні пайдалану арқылы IT технологияларды  қолданады», - деп жазады Ақорда.

Асылов атап өткендей, Қазақстанның прокурорлары 900-ден астам инвестициялық жобаны бақылауға алған. Қазірдің өзінде 41 инвестордың түйткілді мәселелері шешімін тапты.

«Бұдан бөлек, Президентке азаптауға қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде баяндалды. Мұндай әрекеттердің алдын алу үшін 54 түзету мекемесінде 29 мың бейнекамера орнатылған, сәйкесінше азаптау фактілеріне шағымдану да  94-тен 17-ге дейін азайған.   Сондай-ақ Бас прокурор қоғамда резонанс тудырған қылмыстардың тергелу барысы жөнінде есеп берді. Аталған мәселелермен қатар, халықаралық ынтымақтастық бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесі таныстырылды. Атап айтқанда, биыл шетелден ауыр және аса ауыр қылмыс жасады деп айып тағылған 40 адам экстрадицияланды», - деп хабарлады Ақорда.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow